Нью-Йорк тұрғыны 10 мың доллары бар сөмкені тауып алып, оны қазақстандық әйелге қайтарды — Бір үзік
Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллары болған сөмкені жоғалтып алған қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға ақшасын қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS New York басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандық әйел сөмкесін желтоқсанда метрода жоғалтып алған екен. Басылымның мәліметінше, әйел ол ақшаға балаларына жаңажылдық сыйлықтар алмақшы болған.
Нью-Йорк тұрғыны сөмкені метродағы платформалардың бірінен тауып, оның иесін іздестіре бастаған. Сөйтіп ол қазақстандық әйелді 10 қаңтарда бір-ақ тапты.
«Ричард — өте адал адам, ол менің Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың өмірі жайлы түсінігімді өзгертіп жіберді», — дейді сөмкенің иесі Тулемағанбетова.
Қазақстандық әйел ондағы мың доллар ақшаны балаларға қайырымдылыққа жұмсаса, Ричард Тавернге «Алтын адамның» мүсіншесін сыйлады.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz