Ninety one тобы ғаламтордың кесірінен тілге шорқақ болып қалғандарын мойындады — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық танымалдар желіге деген тәуелділіктен арылудың жолын іздеуде. Мәселен, желіде ұзақ уақыт отыру «91» тобының мүшелеріне кері әсерін тигізген көрінеді. Осы себепті топ солистері тыңдарманын интернеттен қашық болуға шақыруда.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
Кезекті сұхбат кезінде ойларын дұрыс жеткізе алмаған «91» тобының мүшелері мұны ғаламтордың тигізген кері әсері деп санайды.
«Интернет адамды осындай қылып тастайды. Негізінде, біз бір-бірімізбен осылай жиі бетпе-бет сөйлесіп отырсақ, сөздеріміз бәрі жинақы болып, ауызша сөйлеу құрауымыз кішкене дұрыс болатын ба еді. Сол үшін өзара сөйлесейік, интернет жоқ кезде әлем тоқтап қалды деген сөз емес», — дейді «91» тобы.
Асылхан Төлепов те ғаламторсыз өмір сүруге болатынына сенімді. Кезінде желінің құрсауына түскен актер аталмыш сөздердің растығына өзі толықтай көз жеткізген.
«Жазда инстаграмымды бұзып тастаған. Негізі көп уақыттың бәрін алатын сол инстаграм сияқты. Сол кезде бұзып тастағанда 1,5 айдай жүрдім. 3-4 күндей жүрдім интернетке кірмей-ақ. Оған да үйренуге болатын сияқты», — дейді Асылхан.
Түрлі хайп арқылы, желіні жармағандықтан, Дильназ Ахмадиеваны көпшілік заманнан арта қалған деп сөгеді екен. Ғаламторға жаны жақын емес жұлдыз, жаңашыл болуғы тырыспайды да.
«Бұрынғы заманда ғаламтор жоқ, есесіне әр шаңырақта бала көп болатын. Ал, қазір бала емес, коментаторлар көбейген заман болды. Ең өкініштісі осы. Адамдар өз уақытын желіге емес, жанұясына жұмсаса жақсы болар еді», — дейді Ділназ Ахмадиева.
stan.kz