Ниндзя стиліндегі ерекше жекпе-жектің видеосы – көрермен мұндайды күтпеді

0
157

Жекпе-жек барысында Перейра сальто, секіру және өзге де ерекше әдістерді көрсетті

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Сеулдегі Road FC 52 халықаралық турнирінде бразилиялық ММА файтері Мишель Перейра ниндзя стилінде ерекше жекпе-жек өткізді.

25 жастағы Мишель Корея спортшысы Ким Дай Сунгпен жекпе-жекті Голливуд фильмдерінде және Mortal Combat видеоойынында кездестіруге болатын акробатикалық шоуға айналдырып жіберді.

ММА файтері қарсыласын жерге алып ұрамын деп өзі нокаутқа түсіп қалды – видео

Бразилиялық файтер бірегей техникасымен аралас жекпе-жек жанкүйерлерін өзіне баурап алды. Жекпе-жектің үздік сәттері көрсетілген видео әлеуметтік желілерде жылдам таралып жатыр. Ол бірнеше күннің ішінде 1,3 миллион рет қаралды.

​Жекпе-жек барысында Перейра сальто, секіру және өзге де ерекше әдістерді көрсетті. Кездесудің екінші раундында бразилиялық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Өткен демалыс күні болған жекпе-жектің толық видеосы YouTube-те жарияланды.

sputniknews.kz