Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды — Жаһан
Армения президенті Армен Саркисян ел премьер-министрі қызметіне Никол Пашинянды тағайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Никол Пашинянның «Мой шаг» блогы 2018 жылы 9 желтоқсанда Ұлттық жиындаға дауыс беру нәтижесі бойынша көп дауыс жинаған.
«Парламент «барқыт рефолюциясының» барлық мақсаттар, үміттері бүгін, ертең және арғы күні іске асуы үшін барын салуы керек. Ұлттық жиынның ұсынымын алдым және соның негізінде қуанышпен сізді премьер-министр қызметіне тағайындаймын», — деді Саркисян.
Өз кезегінде Пашинян ел президентіне алғыс білдірді.
«Мен Армения Республикасында күтілген негізгі саяси ауысымдар іске асырылғанын және үкіметтің халыққа қайтарылғанын, сондай-ақ Арменияда демократия орнағанын атап өткім келеді. Себебі Армениядағы саяси зорлық-зомбылықсыз өткен революцияға миллиондаған армян азаматы және армян диаспоралары қатысты. Олар өздеріне жауапкершілікті алды. Үкімет өзі уәде еткен міндеттерді орындауы тиіс», — деді ол.
2018 жылы 9 желтоқсанда дауыс беру нәтижесінде Армения парламенті қайта қалыптастырды, ендігіде 132 депутат болады. Басқарушы «Мой шаг» блогы 88 мандатқа ие, «Процветающая Армения» және «Светлая Армения» партиялары 26 және 18 мандатқа ие.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz