Никаб, хиджаб, паранджадан кімдер бас тартты?

0

Никаб, паранджа, хиджаб сияқты діни киімдерге деген пікірталас қоғамда әлдеқашан туындаған. Тіпті әлі күнге дейін шешімін таба алмай келеді. Алайда бұл дүниелерден көп мемлекеттер әлдеқашан бас тартқан.

Алғаш рет 1975 жылы қоғамдық жерде бетті жауып жүруді Италияда тыйым салды. Ал 2010 жылы Римде адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдердің тізімі жасалды. Аталған елдерден кейінірек Бельгия, Франция, Нидерланды, Австрия және Германия мемлекеттері үлгі алуға әрекет жасады. Никаб киюге тыйым салу Ұлыбританияда да ұсынылды, дегенмен жергілікті мұсылман ұйымдары пікірталас деңгейінде бастамаға қарсы болып, бұғаттап тастады.
Еуропа мемлекеттерінің пікірінше, никаб қоғамда радикалды исламшылдармен және олардың девиантты мінез-құлқымен байланысты. Сондай-ақ, бұл елдер діни жазбалардан бөлек өздерінің құқықтық нормалары бар екенін атап көрсетеді.

Никаб киюге тыйым салған соңғылардың бірі — Швейцария, бұл елде хиджаб киюге де қарсылық қойған. Бұл үшін ел халқының көп бөлігі дауыс берді. Аталған шаралар қолға алынғанына қарамастан соңғы бір жылда бұл елде отызға жуық әйелдің паранджа киетіні анықталды.

Никабқа тек Еуропа елдерінде ғана емес, сонымен қатар Ислам дінін ұстанатын азаматтары бар көп мемлекеттерде — Египетте, Тунисте, Үндістанда, Индонезияда және Мароккода тыйым салынды. Бұл ретте Каир мен Нью-Дели шектеулерді тек жалпы білім беретін мекемелерге, Тунисте мемлекеттік мекемелерге, Джакартада мектептерге, жоғары оқу орындары мен билік ғимараттарына енгізді, ал Рабат никабтарды киюге ғана емес, сонымен қатар өндіруге және сатуға да тыйым салды.

2023 жылдың қыркүйегінде Өзбекстанда бет-жүзін жасыратын киім киюге тыйым салды. Қараша айының ортасында қоғамдық орындарда паранджа мен никаб киген азаматтарға айыппұл салу туралы заң жобасы қарастырылды.

Қырғызстанда бұл тақырып қоғамдық талқылауға шығарылды. Бастаманы алға тартқан депутаттар шешімді елдегі радикалды діни ағымдардың көбеюімен түсіндірді.

Фото: Global Look Press/Boris Roessler