Нығматулин коронавирустан жазылып шықты

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирустық инфекциядан айықты.
«Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикері коронавирусты бақылау тестінен өтті, ол теріс нәтиже көрсетті», — деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бұрын хабарланғандай Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин короновирус инфекциясын жұқтырып, өзін-өзі оқшаулаған еді. 16 маусымда оның тесті оң нәтиже көрсеткен.