Нидерландта тұрмыстық газ жарылып, 9 адам зардап шекті

0

Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Нидерландтың Гаага қаласында тұрмыстық газ жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Салдарынан 9 адам жарақат алды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жойқын жарылыстан 3 қабартты тұрғын үйдің жартысы қирап қалды. Құтқарушылардың айтуынша, 7 адам ауруханада жатыр. Жақын маңдағы тұрғын үйлерден барлық адамдар эвакуацияланды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тұрғындар бір апта бойы газдың иісі сезілетіндігін айтқан болатын. Алайда дер кезінде тиісті шара қолға алынбаған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/