Netflix Қарлаг тарихы туралы фильм түсіруде

0

Қазақстан мен Испанияның бірлескен жобасы – «Бітім» (La Tregua) фильмінің түсірілімдері басталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz

1930–1950 жылдар аралығындағы Карлагтағы адамдардың ауыр тағдырларын суреттейтін туынды Netflix платформасына арнайы әзірленуде.

Фильмнің режиссері – танымал «Бумажный дом» сериалы арқылы көрерменге белгілі Мигель Анхель Вивас. Ол түсірілім барысында актерлердің кәсібилігі мен шынайы эмоцияларын ерекше назарға алған.

«Басты рөлдерді испандық актерлер Мигель Эрран («Бумажный дом» сериалындағы Рио) мен Арон Пипер («Элита» драмасындағы Андер) сомдайды. Оларға қазақстандық актерлер Дина Тасбулатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Аққозов серіктес болмақ», — делінген хабарламада.

Фильм тарихи шындыққа негізделіп, көрерменге Карлагта өткен ауыр жылдардың бейнесін жеткізуге бағытталған.