Несие Семей дәрігерлеріне арманындағы клиниканы салуға қалай көмектесті?
Әр кәсіпкердің табысқа жету жолы, бизнес оқиғасы әртүрлі. Бірақ барлығына ортақ нәрсе – “АТФБанкпен” бірнеше жыл бойы жұмыс істеуі.
Соның бірі – Семейдегі ірі клиниканың негізін қалаушы Съезбек Ахметов. Ол бизнесін 2004 жылы жұбайы, дәрігер, медицина ғылымдарының докторы және РАЕ профессоры Роза Түсіпжанқызымен бірге ашқан.
Ең алғашқы клиникамызда тек бір стоматологиялық кресло бар еді. Несие алып, ескі ғимаратты сатып алдық. Қазандық пен иесіз ғимараттың орнына үш қабатты клиниканы салдық. Жаңа және ең заманауи диагностикалық жабдықтар сатып алдық. Қазір біз көпсалалы медицина орталығы деңгейіне дейін өстік, – дейді клиника басшысы, жоғары дәрежелі дәрігер-стоматолог, медицина ғылымдарының кандидаты Съезбек Ахметов.
Дәрігердің айтуынша, ол сол кезде-ақ кез келген пациентке кешенді ем қабылдау қажет екенін түсінген. Мұндайға тек көпсалалы клиника мүмкіндік береді. Осылайша олар жұбайы Розамен бірге “Жан-Ер” медицина орталығын ашқан. Клиникада ересектерге де, балаларға да консультатив-диагностикалық медициналық көмек көрсетіледі.
“Жан-Ер” медицина орталығында шамамен 90-ға жуық қабылдау бөлмесі бар, оның 20-сына Sony, Moritha Verawiew IC 5HD (Жапония), X-Mind Satelec (Франция) және басқа да әлемдік бренд саналатын стоматологиялық және диагностикалық жабдықтар орнатылған. Кабинеттер бейінді сала мамандарына – ЛОР-дәрігер, окулист, ФГДС арналған, барлық бағыт бойынша 4Д УЗ-талдау бар. Клиникада физиотерапия бөлмесі, заманауи жабдықтармен зарарсыздандыру бөлімі, стоматологиялық зертхана, конференц-зал, ана мен бала күтіміне арналған бөлме де бар. Негізгі акцент операциялық блокқа, офтальмологиялық бөлім мен күндізгі стационарға берілген.
Одан бөлек, орталықта панорамалық рентген аппараты бар. Қазір мұндай аппаратсыз жақсы клиниканы елестету мүмкін емес.
Пациенттің электрондық картасынан электрондық кезекке дейін барлық амбулаторлық емдеу процедурасы автоматтандырылған.
Біз үшін барлық пациенттің жағдайы маңызды. Олардың әрқайсы қажет еткенді емді алады. Барлық қызметті қолайлы еткіміз келеді, – дейді Съезбек Ахметов.
Дәрігердің айтуынша, клиника түрлі банкпен жұмыс істеп көрген. Бірақ соңғы кездері олардың кей қызметі көңілден шықпаған.
Несие беру кезінде қолайсыздықтар болды – құжат тізімінің көп болуы, өтінімді ұзақ уақыт қарастыруы, банкке түрлі мәселе бойынша жиі шақыруы ыңғайсыз болды. Өткен жылы клиниканың аумағын 4 000 шаршы метрге дейін ұлғайтпақ болдық. Барлық шығынды есептеп, құжаттарды жинауды бастадық. Бірақ тексеру ұзаққа созылып кеткен соң құрылыс материалдың барлығы есептеген бағамыздан 20-30%-ға дейін қымбаттап кетті. Нәтижесінде банктен алған сома тек шатырға жетті. Бұл банкке деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертіп жіберді. Ал “АТФБанктің” қызметтері бірден ұнады. Аз мерзім ішінде несиені рәсімдеп алдық. Мұнда әр клиентке жеке қарым-қатынас бар екенін көрдік. Жұбайым екеуіміздің бос уақытымыз өте аз, өйткені өзімізде пациенттерді қабылдаймыз. “АТФБанк” АҚ мамандары өте сауатты, әрқайсы жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Біз оларға кез келген уақытта хабарлассақ, көмегін береді, – дейді Съезбек Ахметов.
Клиника басшысының айтуынша, “АТФБанк” – кәсіпкерлерге шынымен өте тиімді әрі пайдалы банк. Менеджерлер клиенттерге сапалы қызмет көрсетеді, ал несиені рәсімдеу үшін мейлінше аз құжаттың тізімін ұсынады. Өтінімді де қарастыру уақытын азайтуға тырысады.
Дереккөз: Baribar.kz