Несие калькуляторы дегеніміз не және оның қандай ұтымдылығы бар — Қазақстан жаңалықтары

0

Несие калькуляторы дегеніміз – банктен алған несие бойынша төлемнің көлемін есептеуге көмектесетін компьютерлік бағдарлама. Сондай-ақ, көптеген жүйе алдағы төлемдердің кестесі мен көлемі туралы мәлімет ұсынады. Олай болса, несие калькуляторын қалай қолдану керек және оның ұтымды тұстары қандай екенін біле жүріңіз. 

калькулятор

Ережеге сәйкес, нәтиже алу үшін тиісті өріске несиенің жалпы сомасын, қанша мерзімге берілгенін және пайыздық мөлшерлемесін жазамыз. Себебі, кейбір несие беретін мекемелер қарыз бергені үшін, қарыз шотының қызметі үшін қосымша комиссия ұстайды. Көптеген несие калькуляторы есеп нәтижесін толыққанды етіп ұсынуы үшін осы мәліметтерді де қажет етуі мүмкін. 

Кейбір несие калькуляторы несие бойынша төлемнің екі түрін қолданады: аннуитеттік және тең үлестірілген төлемдер. Бұдан өзге әдетте несие келісімшартының қай күннен бастап жарамды екенін сұрауы мүмкін. Кейде бағдарлама өздігінен оны пайдалануды бастаған күнді есепке алады.

Несие калькуляторы нәтижесінде қолданушыға үш цифр ұсынады. Ол — ай сайынғы төлем көлемі, несиенің үстіне қосылатын пайыз сомасы, сондай-ақ, тиімді пайыздық мөлшерлеме. 

Банктің несие калькуляторында қарыз алу шартын есептеп, ВТБ (Қазақстан) Банкінен несие алғыңыз келсе, сайтында өтінім қалдырыңыз.  

Несие калькуляторының екі түрі болады. Біріншісі — желіге орналастырылып, браузерлерге арналған қосымша секілді жұмыс істейді. Оларды көбінесе банктердің жеке сайтынан табуға болады. Көпшілік осыларға ұқсайтын тәуелсіз калькуляторларды таңдайды. Өйткені олар белгілі бір қаржы мекемесіне тәуелді емес, әртүрлі несие беретін мекемелердің өнімін өзара салыстырып көруге болады. 

Бұдан кейін калькуляторлардың бухгалтерлік бағдарламалардың құрамына кіретін түрі болады. Олар офлайнда жұмыс істейді. Мұндай қосымшаларды компьютерге орнатып алу қажет. 

Несие калькуляторын пайдалану туралы қосымша мәліметті, ВТБ (Қазақстан) банкінің басқа өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласып алуға болады. 

stan.kz