Непалдағы ұшақ апатының соңғы видеосы пайда болды

0

Непалдағы ұшақ апатының видеосы Twitter әлеуметтік желісінде пайда болды.

«Соңғы видео: A Yeti Airlines ұшағы Непалдағы Покхара халықаралық әуежайында апатқа ұшырады, бортта 72 адам болған» — делінген жазбада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Непалда ұшақ апаты болғанын хабарлаған едік. Жергілікті органдардың мәліметінше, ұшақта отырған 68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі қаза болған.