Непалдағы саяси тартыс Қытайдың зәресін ұшырды

0
289

Оңтүстік-шығыс Азиядағы кедей мемлекет Непалда соңғы күндері белең берген конституциялық дағдары Қытайдың мазасын қашырса керек, шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, ҚКП ОК-нің Бас хатшысы Си Цзиньпинның жарлығымен жасақталған жоғары дәрежелі делегация тізгін ұшымен Непалға жетіп үлгеріп, тартысқа түске тараптарды татуластыруға жұмыс жасап жатқан көрінеді.

Непалдің Премеьр-министрі Sharma Oli 20-ші желтоқсан күні Өкілдер палатасын тарату туралы күтпеген шешім жасап, кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді сұрады, бұған қарымта ретінде ел Президенті Bidya Devi Bhandari Ұлттық ассамблеяны таратып жібереді.

Даудың басы биліктегі Непал Коммунистік Партиясының ішкі алауыздығы еді, 2018 жылғы келісім бойынша, үкімет басшысы қызметін Компартия көсемдері кезектесіп атқаруы керек-тін. Бірақ Sharma Oli бұны ұмытып кеткен сияқты.

Сонымен, Непалдағы дағдарыс неге Си Цзиньпинның мазасын қашырды екен? Сарапшылардың айтуынша, Непалдағы саяси бүлік Қытайдың «Белдеу және жол» бағдарламасын белгісіз қиындықтарға ұрындыруы мүмкін екен. Непалдағы мүддесін қорғау мақсатында Қытай жіберген арнайы делегация жаға жыртысқан саяси бақталастардың басын қосып, алқалы кеңес құрған секілді.

Ежелден көршілеріміздің ішкі ісіне арласпаймыз деп келген Қытайдың бұл әрекеті айналасындағы біраз мемлекетте алаңдаушылық тудырып отыр, «Белдеу және жол» бойында Қытайдың мүддесі ғана емес, саяси ықпалы да өсіп келе жатқаны анық байқалады.

Ерлан Мазан, Facebook парақшасынан