Немересін домбыра шертіп ұйықтатқан Қайрат Нұртастың әкесі көпшілікті сүйсінтті – новости Казахстана

0
123

Қайрат Нұртастың әкесі немересін домбыра шертіп ұйықтататыны белгілі болды. Оған желіде тарап кеткен видеожазба дәлел болмақ деп жазады NUR.KZ.

Фото: скриншот, Коллаж: NUR.KZ

Фото: скриншот, Коллаж: NUR.KZ

Аталмыш бейнероликте Нұртас Айдарбековтің немересін домбыра күйімен тербетіп жатқаны көрініс тапты. Атасы мен немересінің аса ерекше сәтін ұялы телефонға келіні жасырын түрде түсіріп алған.

Желіге таралған видео көпшілік жүрегін елжіретіп, оқырмандардың жылы лебізіне ие болған. Желідегілер ерекше көрініске тәнті болып, одан алған әсерін жасыра алмай қалды.

Оқырмандар арасында Нұртас Айдарбековты сынағандар да табылған. Олар жұлдызды отбасының отағасы келінінің төсегіне отырып алғаны үшін шүйліккен.