“Неменеге жыртыңдап күліп отыр?!” — желідегі Тұраровтың әйелі оңбай сөз естіді
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы фейсбук желісіндегі парақшасында жақында “қыз зорлады” деген жанжалға тап болған Жанқош Тұраровтың әйелін сынға алды.
Журналист оқырмандарды желідегі кей жұлдыздардың “әдемі өміріне” алданып қалмауға шақырды.
”Қыздар, мен инстаға келгелі мың-миллион рет жаздым: Елдің алдында жүргендердің бақытты өмірін көрсеңіз, қызықпаңыз. Ол суреттің артында талай мұң жатыр деп. Әлгі боксшының әйелінде де намыс жоқ екен. Неменеге жыртыңдап күліп, мысқылдап отыр?! Көрер ем қызын осындай біреу 7 жыл бойы тағдырымен ойнап, ойыншық етсе!”, — деп жазды ол.
фото: әлеуметтік желіден