Неліктен 600 млн теңгені ракпен емдеуге бөлмейді: Нұр-Сұлтан тұрғыны қазақстандықтардан көмек сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

Мирас есімді елордалық азамат қазақстандықтардан көмек сұрайды.


Ол туысқан інісі 2 жасар Ильдан Баталовтың ми қатерлі ісігімен ауыратынын айтты. Бұл диагноз былтыр қойылған. Германияда оның өмірін сақтап қалатын емхана бар. Отаға 60 млн теңге керек. Ата-анасы 20 млн теңгесін жинап қойды. Мемлекеттен қолдау ала алмады. 

Мирас елордадағы «Мәңгілік ел» қақпасының жөндеуіне 600 млн теңге жұмсалатынын естіп, алаңға баннер көтеріп шықты. 

«600 млн теңге арканың жерасты өткеліне жұмсалады. Жақсы. Бірақ неге 600 млн теңгені ракпен ауырғандарды емдеуге жұмсамайды? Сондықтан, қымбатты қазақстандықтар, сіздерден көмек сұраймын. Менің інімнің бұл дерттен айығуы үшін көмектесіңіздерші. Бір кездері осындай дертпен ауырға Әлима Көпейді де көп болып емдеп алдық қой», — дейді ол. 

Бұған дейін елорда әкімінің орынбасары «Мәңгілік ел» қақпасының жөндеуіне 600 млн теңге жұмсалатынын, қаражаттың мемлекеттік бюджеттен бөлінбейтінін айтты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.



stan.kz