«Некесін қиып, ақ батасын бердік» : Мұхаммеджан Тазабеков 18 жастағы қызын ұзатқалы жатыр — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
«Асыл арна» телерадиокомпаниясының бас директоры Мұхаммеджан Тазабековтың шаңырағында үлкен қуаныш. Айтыскер ақын 18 жастағы қызын ұзатқалы жатыр. Айтуынша, бұған дейін құдалары сырға салып кеткен екен. Ендігі бүгін қызын құтты орнына қондырмақ, деп жазады Stan.kz.
Қызын қимайтынын, толлқып жүргенін жасырмаған Мұхаммеджан Тазабеков реті келіп тұрса, талабын қайтармаған дұрыс екенін атап өтті. Ол өзі де шаңырақ көтергенде жұбайының 18 жаста болғанын айтты.
«Өзім де жұбайыма 18 жасында үйленген едім, Алла қаласа, тұңғыш қызым да 18 жасында тұрмысқа шығып бара жатыр… Алланың қалауы ғой! Қимағанмен қиюы келіп тұрса, толқығанмен тәуекел жеңіп тұрса, қыздың жолын ашып, талабын қайтармаған дұрыс деп ойлаймын… «Бидайдың бар жері диірмен…», — дейді ол.
Мұхаммеджан мырзаның сөзінше, кеше қызы мен күйеуі баласының некесі қиылған. Енді бүгін қызын ұзатпақ.
«Алдын келіп, құдалар сырға салып, жолын жасап кеткен еді… Бүгін кәделі жолымен келген күйеуді қарсы алып, қызымызбен некесін қиып, ақ батасын бердік… Ин ша Аллаһ, ертең ұзату… Алла Тағала әрбір күйеуді пайғамбар Мұxаммед(с.ғ.с) секілді аманатшыл, мейірімді, көркем мінезбен көмкерілген шуақты тұлғаға айналдырғай! Алла Тағала әрбір қалыңдықты xазіреті Хадиша анамыздай дана, жомарт, жарының дүние-ақыреті үшін қам жеген қастерлі, алтын құрсақ анаға айналдырғай! Отау үйлерін тақуалық пен ізгіліктің, бала-шаға мен берекенің ошағына айналдырғай! Алла тағала құдаларды құрметпен қауыштырып, араларын сыйластық пен түсіністік арқылы қуаныштарын 1000 жылдыққа ұластырғай! Алла ұлық!», — деп жазған Тазабеков Instagram желісінде.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz