“Неке ресми тіркелмеген” — Прокурор мәлімдеме жасады
Прокурор Бишімбаевтың ісіне байланысты бірнеше мәлімдеме жасады. Оның айтуынша:
— Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы неке ресми тіркелмеген;
— Бишімбаев өлтірілген адамның барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық жағынан тәуелді еткен;
— Қызғаныштан жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық жасаған;
— 2023 жылдың наурыз айының ортасында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған;
— Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндіргенімен Нүкенова бірақ бас тартқан;
— 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсыады. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіседң. Алайда ол оны физикалық зорлық зомбылыққа ұшыратуды жалғастырған.
ақпарат: Tengrinews.kz