«Неге тірі кезінде бір-бірімізді бағаламаймыз»: Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Дулат Исабеков адам өлмейтіндей күй кешеді дейді
Бұқаралық ақпарат құралдарында Мұхтар Мағауиннің Дулат Исабеков және Мұхтар Шахановпен айтысы ашық жарияланған еді. Дулат Исабеков Мұхтар Мағауинді өкпеге қиса да, өлімге қимайтынын айтты.
«Мұхтар Мағауин қайтыс болды деген хабарды естігенде өзім отырып қалдым. Кеше ғана сау адам сияқты екеуміз айтысып жүр едік қой. Бұл не болғаны? Адам тіршілігінде өлмейтіндей жүреді екен. Менен кейін қайтыс болатын шығар деп те ойлайтынмын. Ал айналайын, Мұқаң, сәл-пәл артық айтып қойсам, әруағың кешірсін. Өзім артық ештеңе айтпадым деп ойлаймын. Егер артық болса, кешірім сұраймын. Қазаққа үлкен олжа тастап кеттің. Өзің кеттің, мәңгілік сен қалдың», — дейді Дулат Исабеков «7 күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында.
Бірақ, оқырмандар болса қазақтың екі ұлы тұлғасы неге тірі кездерінде бір-бірінен кешірім сұрамады екен деп, өкініш танытқан.
«Кешірім сұрау үшін, кешіру үшін өлу керек пе? Неге тірі кезде бір-бірімізді бағаламаймыз, тірі кезде кешірім сұрамаймыз? Әй, пенделік көкірек-ай. Көзқарас әртүрлі болуы әбден мүмкін», — деп жазған халық.
Еске салса,қ Мұхтар Мағауин 84 жасында АҚШ-та көз жұмды. Ол 11 қаңтарда Parklawn Memorial зиратында жерленді.