«Небәрі 38 жаста еді»: Аша Матайдың ағасы қайтыс болды

0

Белгілі әнші Аша Матайдың ағасы қайтыс болды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Аша Матайдың ағасы қайтыс болды. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін Қайын атамның қайтқанына 40 күн. Қолдау көрсетіп келген, хабарласқан әр жанға алғыс айтамыз. Құдайым сауаптан жазсын.  Жүрегіміз тілім-тілім, еңсемізді енді көтереміз дегенде, әкемнің інісі, менің ағам Досербеков Дарын Сансызбайұлы бақилық болды. Бүгін Талдықорған қаласында жаназасы мен асы өтті. Біз жолдасыммен бара алмадық. Өз жұртым, ата-анам сол жақта. Жасы небәрі 38-де еді. Қайтеміз, Алланың жазғаны. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын. Жылы сөздеріңізге рақмет инста достарым. Отбасыларыңыз аман, үйлеріңізде той, қуаныш көп болсын!», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.