«Не үшін беруім керек?»: Қайырымдылық қордың басшысы баланың еміне ақша бермейтінін айтты (ВИДЕО)
Желіде qazaq_robin_hood лақап атымен танымал Ілияс Сариев өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz Sкifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін «Елге көмек» қайырымдылық қорының басы дауға қалған еді. Қазақстанның әр аймағынынан Ілиясқа «алданғандар» әлеуметтік желіде видео жариялаған. Ал Ілияс бұл мәліметтің бәрін жалған деп отыр.
«Жасаған жақсылығым көп қой. Ұнамаған 4-5 адамның әңгімесі, мұның бәрі. Ағайын-туысына ұнамаған шығармын. Бірақ менің істеп жатқан жұмыстарым өте көп», — деп жауап берді қор жетекшісі.
Журналист Гүлмира Әбіқай Ілиястан ақша ала алмаған тағы бір келіншектің видеосын көрсетіп, емнің ақшасын неге бермегенін сұрады.
«Ол ақшаны не үшін аударуым керек? Өзімде тұрады ақша. Баланың еміне әлі ештеңе істеліп жатқан жоқ. Не үшін аударуым керек?», — деп жауап берді Ілияс.