«Не құзырлы орган, не әкімдік тексермейді»: Депутат лифтілердің жағдайы туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгінгі Нұр-Сұлтанда өткен мәжіліс отырысында депутаттар көпқабатты пәтерлердегі лифтілердің құлауына қатысты мәселені қозғады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Елімізде соңғы уақытта лифттердің бұзылуы, құлау оқиғалары жиілеп кеткені белгілі. Осы жағдайға қатысты бүгін мәжіліс отырысында мәселе қозғалды. Отырыс барысында депутаттар лифт орнату қызметімен айлысатын компанияларды міндетті аттестациядан өткізуді талап ететін заңнаманы қайта енгізуді ұсынды. Депутат Василий Олейник бұл мәселеге қатысты экономика министрлігі мен әділет министрігіне бағыттап, сұрақ қойды.

«Қазір депутаттық корпус тұрғын үйлердегі лифттердің техникалық жағдайы туралы мәселені өткір қарауда. 2012 жылы лифтілерді орнату және қызмет көрсетуді лицензиялау заңы күшін жойғаннан кейін олардың құлау жағдайлары көбейіп кетті. Бүгінгі таңда төраға атап өткендей, елдегі лифт жүйесінің маңызды бөлігі стандартты қызмет ету мерзімінен асып кетті. Ал бұл азаматтардың денсаулығына, өміріне қауіпті. Алайда, не құзырлы органдар, не әкімдіктер лифттерді тексермейді. Ал мемлекеттік органдар тек лифт санының есебін жүргізеді. Және қаралып жатқан заңнамада бұл сұрақ ескерілмеді. Осыған байланысты депутаттар бұл айырмашылықты жоятын түзетулер енгізді. Алайда лифтердің қызметін көрсететін компанияларды аттестациядан өткізу мәселесі ашық қалады. Біз осындай қызмет көрсететіндерді аттестациядан өткізу қажет деп санаймыз. Себебі, бұл қауіпсізді қамтамасыз етеді»,- деді депутат Василий Олейник.

Ал, депутат Роман Алексеевич бұл мәселенің өте маңызды екенін атап өтті.

«Бұл мәселеде ережелер өзгерген жоқ. Тек тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым ғана лифт орнатуға құқылы. Алайда, өкінішке орай, 2014 жылы аталған механизмдер бойынша қызмет көрсету нормасы түсіп кетті. Ал, қазіргі таңда осыған дейін қандай да бір тауар сатумен айналысқан компаниялар уақыт өте қызметтерін өзгертіп, ешқандай лицензия алмастан лифт орнату қызметтерімен айналыса алады. Сол себепті, лифт орнатумен айналысатын компаниялар ғана емес, сонымен қатар оны орнататын қызметкерлер де тиісті аттестациядан өтуі керек деп есептеймін», — деді депутат Роман Алексеевич.

Сондай-ақ, экономика министрлігі де бұл түзетуді енгізуді қолдайтынын айтты.

«Жалпы, лицензиялауды сіздер қадала өтінгеннен соң алып тастады. Мұнда «бізге рейтинг керек, анау-мынау керек» деген дәлел болды. Ал қазір елде лифттер ешқандай қызмет көрсетілмегеннен, жедел қызмет көрсету болмағаннан, жөндеу жүргізілмегеннен құлап жатыр. Міне, қараңыздар сіздердің рейтинг қуалауларыңыздың салдары неге алып келгенін. Енді сіздер лиценциялауды, компанияларды аттестациядан өткізу керек деген заңның бәрін қайта енгізуге, бәріне келісіп отырсыздар. Түсінесіздер ме, бұл мәселеге өте сақтықпен қарау керек»,- деді депутат.

 

stan.kz