Танымал актер Алмат Сақатов қазақша білмейтін депутаттарға шүйлікті, деп хабарлайды kznews.kz сайты exk.kz порталына сілтеме жасап.
Актер тіпті оларды есекке теңеді.
Алмат ана тілінде екі сөздің басын құрай алмайтын халық қалаулыларын көргенде қатты ашуланады екен. Сондықтан ол елдің ашуын тудырмай, өз еріктерімен орындарын босатсын деген пікірде.
«Қазақша білмейтін депутаттарға ана тілін меңгерту үшін 30 миллиондай ақша бөлінгенін естідім. Германия, Францияда депутаттарды біз сияқты ақша төлеп оқытады ма? Не деген кең халықпыз? Естеріңізде болсын, «есекке алтын таға таққанымен, ол ешқашан тұлпар болып шаба алмайды». Қазақша білмейсің бе, онда депутат болмай-ақ қой. Нанын жеп, суын ішіп жүрген жеріңнің тілін білмесең, не істеп отырсың?», — дейді актер Алмат Сақатов.
Қаралым саны: 44