«Не деген харизма»: Латын биін билеген Жанар Айжанова желіні шулатты

0
3047

Жасы 50-ден асып, әже атанса да, Жанар Айжанова әлі бабында. Әншінің ерекше даусы өз алдына, биге деген икемі көпшілікті таңғалдыруда. Айжанованың тойда би билеген видеосы желіні шулатты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Латын-америкалық әнге билеген видеосын Айжанова өзінің Instagram парақшасына салып қойған.

«Сылдырмақтың әжесінен бір би», — деп жазба қалдырды әнші.
Көпшілік әншінің икемділігі мен харизмасын сөз ете жөнелді.

«Күшті билейді екенсіз, неге салып тұрмайсыз», «Арықтап, сұлуланып кетіпсіз», «Не деген харизма», «Супер, биден жібереді екенсіз», «Тух, не деген қимыл», «Керемет биші, сізде деген талант қой», — деп тамсанды желі қолданушылары.