«Не болғанын әлі айта алмайды»: Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады
Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли 1999 жыл дүниеге келген, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін ұшақ апатында 5 экипаж мүшесі болғаны хабарланған еді. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалғаны да ақпарат құралдарында жазылды. Көрер жарығы бар бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр.
Әзербайжандық БАҚ ауруханадағы бортсеріктің жағдайын білуге барғанда, оның көз жасына ерік беріп, қатты жылағанына тап болған.
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рагимлидің фото және видеосын Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі жариялағаны белгілі болды.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын.