Назарбаевтың жиеніне қатысты іс бойынша мемлекетке 230 млн долларды құрайтын зергерлік бұйымдар қайтарылды
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Kznews.kz агенттігі Tass.ru сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның құқық қорғау органдары Республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық кірістерді заңдастыру бойынша құны 230 млн доллардан асатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды елге қайтарды. Бұл туралы сәрсенбіде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа адамдарға қатысты Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда. Жедел-іздестіру іс — шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 млн доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды, олар мемлекет кірісіне айналды», — делінген хабарламада.