«Назарбаевтың Желтоқсан оқиғасына қатысуы мүмкін емес» – Желтоқсаншы Құрманғазы Рахметов

0
2407

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы жарық көрген «Без правых и левых» атты кітабында Желтоқсан оқиғасы кезінде саптың басында жүргенін айтады. Алайда, оның саптың басында жүрмегендігі жайында желтоқсандықтар талай рет айтты.

«Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қорының президенті Құрманғазы Рахметов те Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Желтоқсан оқиғасы кезінде саптың басында жүруі мүмкін еместігін айтты.

«Ол заманда Министрлер кеңесінің төрағасы кім болды? Нұрсұлтан Назарбаев. Ол кісінің пәрменінсіз 20 мың әскер кірмес еді. Әлі күнге дейін бұл кісінің біздерге қатысты жасап келген дүниесі соған байланысты деп ойлаймын. Желтоқсан оқиғасының бүгінге дейін 7-8 пайызы ғана (шындығы – авт.) айтылады. Енді ол өзі қол қойса… Тым болмаса Қонаев ақсақалды кабинетінде күттіріп қоймай, алаңға шығарса, біз жігерленіп қалар едік. Біз нені сұрадық? Мінберге Қонаев шықсын дедік. Ол кісіні әкелген жоқ. Оның орнына прокурорлар, Мәскеуден келген шенеуніктер келіп, өктем-өктем сөйледі», — деді Құрманғазы Рахметов.