Назарбаевтың Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елбасының баспасөз хатшысы Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Түркістанға барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Түркістан — түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында», — деп жазады Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, Назарбаев екі күн ішінде еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмысымен танысады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев тұңғыш президенттің өкілеттігін кеңейтті

Түркістанға сапары барысында Елбасы мәдени-ағарту нысандары, саябақ және Арбат құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағының жобасы таныстырылды», — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.



sputniknews.kz