Назарбаевтың Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Елбасының баспасөз хатшысы Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Түркістанға барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
«Түркістан — түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында», — деп жазады Айдос Үкібай.
Түркістан — түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Н.Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр. pic.twitter.com/rNXw21xRdG
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 4 ноября 2019 г.
Оның айтуынша, Назарбаев екі күн ішінде еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмысымен танысады.
Тағы оқыңыз: Тоқаев тұңғыш президенттің өкілеттігін кеңейтті
Түркістанға сапары барысында Елбасы мәдени-ағарту нысандары, саябақ және Арбат құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағының жобасы таныстырылды», — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.
sputniknews.kz