Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде күтпеген оқиға болд

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы королімен теннисші Рафаэль Надальдің телефоны арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы монархымен телефон арқылы бейресми сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтардың тегіне «Нұр» қосыла ма – министрлік жауап берді 

Хаттамада көрсетілмеген бейресми қоңырау Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичтің Назарбаевпен кездесуі кезінде, аяқ астынан соғылды. Қос теннисші Нұр-Сұлтан қаласына қайырымдылық матчын өткізуге келген болатын.

«Теннис матчы алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос I-дің жылы лебізін жеткізді. Елбасы теннисшіге алғысын білдіріп, Рафаэльден досына сәлем айта баруын өтінді», — деп жазды Үкібай.

Кенеттен Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы монархының телефон нөмірін теріп, тұтқаны Елбасыға берді.

Үкібай жариялаған видеодан Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы жылы жүзбен сөйлесіп жатқанын көруге болады.

​Қазақстан астанасына бір күндік сапармен келген әлемдік теннис жұлдыздары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында қайырымдылық матчы өтті.  



sputniknews.kz