Назарбаевтың суреттері кабинеттерде сол күйі ілулі тұрады
Қысқа сілтеме алу
Тұңғыш президент суреттері көпшілік орындарда міндетті атрибут ретінде қалады
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері ғимараттар мен мемлекеттік мекемелердің кабинеттерінде сол күйі ілініп тұра береді. Бұл туралы Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Сондай-ақ, Елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру қажет деп санаймын. Тұңғыш президенттің суреттері мемлекеттік мекеме кабинетінде, оқу орындары ғимараты мен көпшілік орындарда міндетті атрибут ретінде қалады», — деді Тоқаев.
Сонымен қатар, ол Елбасының барлық өмірлік іс-әрекеті Тұңғыш президент, Ұлт көшбасшысы туралы заңмен және басқа да заңнамалық актілермен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
«Елбасы атындағы барлық қызметтік инфрақұрылым сақталады. Парламент қабылдаған заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздегі жалғыз және өмір бойы Елбасы, халықтың әкесі болып қала береді», — деді Тоқаев.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанның жаңа президенті Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертіп, Тұңғыш президентке ескерткіш қоюды ұсынған болатын.
sputniknews.kz