Назарбаевтың рөлін сомдаған актер басшылық қызметке тағайындалды

фото: neonomad.kz
Бұрынғы мәжіліс депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжан астананың мәдениет басқармасы басшысы болып тағайындалды.
Ақпаратты Нұр-Сұлтан мәдениет басқармасы баспасөз қызметі растады.
Еске салсақ, әнші Нұрлан Әлімжан 2019 жылдың жаз айында мәжіліс депутаты болып келді.
2021 жылдың 10 қаңтарында Әлімжанов төменгі палатаның жаңа құрамына енбеді.