Назарбаевтың құдасы кәсіпкерді қомақты сомаға алдап кеткен

0
104

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның қайын атасы Ғабит Досанов кәсіпкер Гүлмира Уәлиеваны қомақты сомаға алдап кеткен.

Бұл туралы «ABZHAN NEWS» telegram-арнасы хабарлады.

«Ғабит Досанов мені кәсіпкер Тоқтар Сәдуақасовпен таныстырды. Ол маған серіктес болуды ұсынды. Досановпен жақын араластым. Ол Сәдуақасовтың баласының кіндік әкесі болатын. Мен олардың ұсыныстарына көндім. 2015 жылдың 18 тамызында Ғабит Досановтың есепшотына 325 мың доллар көлеміндегі бірінші транш аудардым. Шамамен сол күндері ол Сәдуақасовтың есепшотына 275 мың доллар аудардым.

2016, 17, 18, 19, білмеймін, мен гипнозға түскендей Досанов пен Сәдуақасовтың барлық жаңа жобаларына ақша салып отырдым. Маған олардың жаңа жобаларын инвестицияламасам, бұрын салған ақшамды жоғалтатыным айтылды» деді Уәлиева.

Уәлиеваның әкесі Досановтан жағдайды анықтамақшы болған кезде, ол оны қара тізімге жіберген.

Кәсіпкердің айтуынша, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдірахманов Уалиеваға қысым көрсетіп, алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатып тастаған.

«Қылмыстық іс екі рет түсініксіз себептермен тоқтатылды» деді Гүлмираның адвокаты Андрей Азбель.

Расталмаған ақпарат бойынша, Әлия Назарбаеваның қайын атасы қасіретті қаңтардан кейін Дубайға көшіп кеткен.