Назарбаевтың Қазақстан БАҚ өкілдеріне берген сұхбатының толық видеосы жарияланды — Ел жаңалықтары

0

«Хабар 24 телеарнасының» Youtube желісіндегі каналында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінің толық видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент биыл өткен елеулі жағдайларды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Телевизиялық нұсқасы 2018 жылы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетілді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта енгізуге қатысты пікірін айтты. Ол бұл мәселе жөнінде ешқандай келіссөз болмағанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын сайлау туралы, санкциялық теке-тірес, Қытаймен қарым-қатынас және Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz