Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген үкімет отырысы өтеді – новости Казахстана

0
129

Бүгін, сағат 11-де, Елбасы мен әкімдердің қатысуымен Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл шарадан не күту керектігін саясаттанушы Талғат Қалиев айтып берді деп жазады NUR.KZ.

akorda.kz

Фото:akorda.kz

Сарапшы өзінің Telegram-арнасында Нұрсұлтан Назарбаев әдеттегідей қызметкерлерінің жұмыстарын сынға алатынын жазды.

Отырыс үкімет үйінің кинозалында өтетін сыңайлы. Соңғы күндері онда ұсақ-түйек жөндеу жұмыстары жүргізілген екен.

«Қызметтен кететіндер бола ма? Әдетте жиналыс кезінде мұндай жайттар орын алмайды, сондықтан бұл жолы да бола қоймас. Ал министрлер кабинетінде құрылымдық өзгерістер болуы әбден мүмкін. Бұл мәселелер көптен бері талқыланып келеді», – деп жазды ол.

Дереккөз: kaz.nur.kz