Назарбаевтың қатысуымен болатын Nur Otan отырысы коронавирусқа байланысты өтпейтін болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болатын Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

назарбаев

«Коронавирус инфекциясы тарау қаупіне байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды», – деп жазды ол.

Германияда коронавирус болғандықтан, 25 сәуірге жоспарланған Христиан-демократиялық одақтың партия съезі, онда жаңа көшбасшы сайлануы тиіс болатын съезі тоқтатылды. Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарында Байден мен Сандерс пікірталасы Аризонадан Вашингтонға COVID-19 таратылуына байланысты ауыстырылды. Ал CNN пікірсайыс көрермендердің қатысуынсыз өтеді деп мәлімдеді.
 

stan.kz