Назарбаевтың отставкасын өзге мемлекеттердің басшылары қалай қабылдады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзге мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы не туралы сөйлескенін, өзінің отставкаға кетуі туралы қалай хабарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Назарбаевтың отставкасын өзге мемлекеттердің басшылары қалай қабылдады

Мемлекет басшыларының барлығы болашақта Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің басшысымен тұрақты байланыстың жалғасатыны жөнінде келісті. 

Алғаш болып телефон арқылы келіссөз жүргізген Еуразия экономикалық одағының басшылары мен Өзбекстан президенті болды. 

Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР президенті өкілеттігін атқаруын 2019 жылғы 20 наурыздан бастап тоқтатуына байланысты қабылдаған шешімі жөнінде айтылды.

Өзбекстан мемлекетінің басшысы Шавкат Мирзиёев Назарбаевтың президент өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді. Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты «осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі президент» деп атады.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Ал Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың президент өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді. Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың президент өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.Ол Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Айта кетсек, кеше, 19 наурызда, президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Президенттің міндетін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz