Назарбаевтың отставкасын естіген Түркия жастары Қазақстанға келмекші болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Түркия жастары Қазақстанға келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтан президенттік өкілеттігін тоқтатпауды өтінбек болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Назарбаевтың президент лауазымынан бас тарту туралы шешімін Түркияның миллиондаған халқы қадағалады. Бұл туралы бүгін Түркиядан келген саясаттанушы Куршад Зорлу айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Зорлуның айтуынша, Түркия жастары Қазақстанға келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтан президенттік өкілеттігін тоқтатпауды өтінбек болған.

Тағы оқыңыз: Назарбаев отставкаға кетуді бірнеше жылдан бері ойлап жүргенін ашық айтты

«Сізге жеткізгім келетіні, осы хабарды Түркия естігенде, жұртшылық қатты өкінішін білдірді. Ал ең қызығы, әлеуметтік желіде қызу пікірталас болып, жастарымыздың көпшілігі Қазақстанға келіп, шешіміңізден бас тартуыңызды өтінгісі келді», — деді саясаттанушысы елордада өткен ҚХА сессиясында.

Зорлу Назарбаевтың салиқалы шешімі әлемдік көшбасшылық тарихында алтын әріптермен жазылатынын атап өтті.

«Өйткені мұндай шешімді тек елін ойлаған нағыз лидер ғана іс жүзіне асыра алады», — деді ол.

Түркиядан келген мейман халықаралық саясаттағы биік беделі үшін түркі жұрты Назарбаевты «Түркі әлемінің Лидері, Көшбасшысы» деп ерекше құрметтейтінін айтты.

«Бүгінгі күннің Білге қағаны деп біледі. Түркі халқы Ресей мен Түркия арасындағы мәселенің шешілуіне айрықша үлес қосқаны үшін Елбасыға шексіз алғысын білдіреді», — деді Зорлу.

Тағы оқыңыз: Назарбаев қазақстандықтар жазған хаттар туралы айтты

Сондай-ақ, ол Сирияға қатысты келіссөздер Тұңғыш президенттің бітімгерлік қасиетін айқын танытқанын атап өтті.



sputniknews.kz