Назарбаевтың күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды
Назарбаев қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді. Бұл туралы Elbasy.kz сайты жазды.
«Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді» делінген хабарламада.