Назарбаевтың кенже қызы желіде жазба жариялады

0

Ол жазбамен өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөліскен болатын. Бұл мыңнан астам адамға ұнады

Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаева әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

«Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрам  мемлекетіміздің егемендігі мен қуаттылығының белгісі саналады. Біздің ең басты мерекеміз деп ойлаймын. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның ұлы тарихын жалғастырып келеміз. Осы жылдар аралығында елімізді әлем мойындады», — деп жазды ол.

Әлия Назарбаева әр үйге денсаулық, түсіністік, тұрақтылық пен татулық тіледі.

Тағы оқыңыз: Әлия Назарбаева неге күн сайын сыйынатынын айтты

Сондай-ақ, Қазақстан президентінің телерадио кешені тәуелсіздіктің алғашқы күндерінің видеосын жариялады. Роликте өткен жылдардың сирек кадрлері қолданылған.

«Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы күндерге дейін толағай табыстарға қол жеткізді. Ел тәуелсіздігінің әрбір жылы бізге ерекше мағынаға толы», — деп жазылған Instagram желісінде.

sputniknews.kz