Назарбаевтың досы сөз сөйлеп тұрғанда қайтыс болды

0
64

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Сатыбалды Ибрагимовтың Шымкент интеллигенциясы өкілдерімен кездесуде жүрегі тоқтап қалған

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Сатыбалды Ибрагимов Шымкентте 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық әкімдік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен иық тіресе еңбек еткен металлургтің Шымкент басшысымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде жүрегі тоқтап қалған. Бұрынғы депутат жиналғандарға қазіргі қоғамның проблемалары туралы айтып жатқан.

Кәрім Мәсімовтың әкесі өмірден озды

«Бүгін, қасиетті жұмада, біздің қымбатты жерлесіміз және тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлға Сатыбалды Ибрагимов мезгілсіз қайтыс болды. «Қымбатты» деген сөз текке айтылып жатқан жоқ: Сатыбалды аға ұлы халықтың баласы екенін дәлелдеп кетті. Тіпті ақсақалдың соңғы сөзі туған еліне арналды», – деді қалалық әкімдіктегі мамандар.

Сатыбалды Ибрагимовтың Назарбаевпен достығы

Сатыбалды Ибрагимов Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істеді және отандық металлургияның дамуына орасан үлес қосты.

Ибрагимов Нұрсұлтан Назарбаевпен Днепродзержинскіде (Украина) достасып, екеуі де техникалық училищеде білім алды.

Елбасының досы, экс-депутат Сатыбалды Ибрагимов (сол жақта)

Сатыбалды Ибрагимов 1940 жылы 13 наурызда Сайрам ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. Ол Украина кәсіптік-техникалық училищесі мен Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы болды.

Еңбек жолының басында Теміртау қаласындағы металл балқыту зауытында жұмыс істеді. 1988-2000 жылдары «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» компаниясының президенті, Лондон қаласы «Успатнит» бас кеңсесінің Теміртаудағы өкілі, «Қазхром» компаниясының президенті қызметтерін атқарды.

2004-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) сайлау округінен мәжіліс депутаты болып сайланды. 2007-2011 жылдары  «Нұр Отан» (Nur Otan) партиясының тізімі бойынша IV шақырылымдағы мәжіліс депутаттығына кандидат болды.



sputniknews.kz