Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі ұлттық экономика вице-министрі болды

0
119
Фото: primeminister.kz

ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Жақсылықов Тимур Мекешұлы ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

2013-2014 жылдары — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014-2017 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2017-2018 жылдары — экономика және қаржы саясаты министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия, Мәскеу қаласы.

2018 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін — ҚР Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазірге дейін Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі лауазымын атқарды.