“Назарбаевтың 200 миллиард байлығы бар деп естідім” — Дулат Исабеков
«Күлтөбе» ютуб арнасы жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабековпен сұхбатын жариялады. Сұхбатта Дулат Исабековтің қазіргі әлеуметтік-саяси оқиғаларға деген көзқарасы сұралған. Жазушы сұхбат барысында зиялы қауым өкілдеріне сипаттама беріп, тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси қателіктеріне бағасын береді.
«Назарбаевтың екі жақты мінезі бар. Жақсы жағы шекарамызды бекітті. Украинаның трагедиясы шекарасын бекітбегендігінен. Біздің шекарамызды ешкім бұзалмайды. Бірақ Қазақстанның байығын иеленіп кетті деп айтады. 200 млрд байлығы бар деп естідім. Қазақстанның бір жылдық бюджеті 4 млрд. Егер осы рас болса, бұл кешірілмейтін күнә»,- дейді жазушы.