Назарбаевты қимаған әнші ағыл-тегіл жылап қалды
Әнші Индира Расылхан өзінің Instagram-дағы парақшасында жылап отырған видеосын жариялап, Елбасымен қимай қоштасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алғаш президент боп сайланған кезде ол кісінің алдына шығып, ән салғанмын. Ол кезде 17-ақ жаста едім. «Әнің де, дауысың да өте әдемі екен» деп ең бірінші маған шабыт берген сол кісі еді. Қазір естіп отырмын, кәдімгідей көңілім бұзылды. Сіздің еңбегіңіз орасан зор. Аман болыңыз!», — дейді әнші.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!