«Назарбаевтікімен бірдей»: Ерке Есмахан айлық табысы жайлы айтты

0
2668

Ерке Есмахан айлық табысы жайлы айтты. Әнші Нұрсұлтан Назарбаевпен бірдей табатынын айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Instagram-да оқырмандарының бірі Еркеден табысы жайлы сұрады.
«Осы кісілердікімен бірдей. Лям больше, лям меньше», – деп жазды Ерке Нұрсұлтан Назарбаев және Димаш Құдайбергенмен бірге түскен суретін жариялап.

Бұдан бөлек, Ерке Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты.
«Үйде анам, ұлым, бауырларыммен. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Бақытты болыңыздар», – деп бөлісті Ерке.

Әнші мереке күні дастархан жасауға қатыспайтынын жеткізді.
Есмахан шығармашылық жоспарларымен де бөлісті. Әнші келер жылы жеке ән кешін беруді жоспарлап отырғанын айтты.

«Өмірде өкінген кезіңіз болды ма?» деп философиялық сұрақ қойған оқырманына әнші: «Жоқ. Екінші рет те дәл осылай өмір сүрер едім», –  деді.