Назарбаевтар тұрған Шамалғандағы жер телімі 129 миллион теңгеге өтпей қалды

0

Шамалған қаласындағы бұрын Нұрсұлтан, Болат Назарбаевтар тұрған 142,9 гектар жер учаскесі сатылымға шықты. Алайда оны 129 миллион теңгеге аламын деуші табылмады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік мүлік тізілімінде Шамалған қаласында 142,9 гектар жер учаскесін сату туралы хабарландыру пайда болды. Бұл маңда Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келген. Оған жақын жерде Болат Назарбаев тұрды. Сонымен қатар, бұл аймақта Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа тиесілі басқа учаске де бар.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы 142,92 гектар аумақ 2024 жылғы 6 желтоқсанда бастапқы бағасы 127 861 494 теңгемен сауда-саттыққа шығарылды. Алайда кейін сайтта сауда-саттық болмағаны айтылады. Өйткені сату объектісі бойынша аукционның басында бірде-бір қатысушы тіркелмеген.

Қарастырылып отырған жерлер «қайтарылған активтерді басқару компаниясының» меншігіне өтті. Компания Қазақстан Қаржы министрлігі комитеттерінің біріне тиесілі. Сайтты құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылы жерлерге шектеу қойғаны айтылған.

 

Болат пен Нұрсұлтан Назарбаев Шамалғанда дүниеге келген. Кейіннен бұл аудандағы Назарбаевтар отбасына жылжымайтын мүлік пен жер учаскелері тиесілі екені белгілі болды.