Назарбаевтар отбасының екі мүшесі Forbes-тың жаңа әлемдік тізіміне енді

0

Әйгілі Forbes журналы әлемдегі ауқатты адамдардың жаңа рейтингісін жасады. Бур қызығы, тізімге тағы үш қазақстандық енген.

Әлемдегі ең бай адам атағы биыл тағы да Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безосқа бұйырды. Айта кетерлігі ол бұл атақты осымен төртінші рет алып отыр. Бүгінде оның байлығы 177 миллиард долларға бағаланып отыр. Ол бір жылда 64 миллиард доллар тапқан. Бұл туралы NUR.KZ жазды.

151 миллиард АҚШ долларымен Илон Маск рейтингте екінші орыннан көрінген. Ол бір жыл ішінде өзінің дәулетін бірден 6 есеге арттырған.

Үшінші орында — Louis Vuitton Moët Hennessy тобының президенті Бернард Арно тұр. Ол бір жыл ішінде 150 миллиард доллар тапқан.

Сонымен бірге әлемнің ең бай бес адамының қатарында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс пен Facebook-тің басшысы Марк Цукерберг бар.

Ал, Қазақстан азаматтарының арасынан 6 кәсіпкер әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кіріп отыр. Кәсіпкер Владимир Ким рейтингтің 622-ші сатысынан көрінсе, Болат Өтемұратов 3,4 миллиард доллар байлығымен 89-шы орында тұр.

Сол сияқты Kaspi.kz-тің негізін қалаушы Вячеслав Кимнің 3,3 миллиард доллард байлығымен рейтингте 925-ші орынға жайғасқан. Оның серіктесі Михаил Ломтадзе 956- орында. Кәсіпкердің дәулеті 2,3 миллиард долларға бағаланған.

Ал, Тимур мен Динара Құлыбаевтар әрқайсысы 2,8 миллиард доллармен 1111-ші орында тұр. Бұған қоса Freedom Holding Corp компаниясының қожайыны Тимур Турловдың капиталы 2,2 миллиард долларды құраған. Ол рейтингтің 1517-қатарына жайғасқан.