Назарбаевтар отбасының өкілдері алматылықтардың жерлерін басып алып жатыр — Ермұрат Бапи

0

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын Алматы облысының Қарасай ауданындағы жерлерді тартып алды деп айыптады. Әңгіме «Каменка» кентіндегі учаскелер туралы болып отыр.

«Біз депутаттар қазақстандықтардан ұрланған активтерді қайтару туралы заң қабылдап жатқанда, Алматы облысында «ескі» Қазақстанның сыбайлас жемқорлары қарапайым азаматтарды пайдалануды жалғастыруда. Атап айтқанда, Назарбаевтар отбасының өкілдері – Нұрбол Болатұлы, Қайрат Сатыбалды мен Ахметжан Есімов, сондай – ақ Серік Күдебаев Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Каменка» комбинатының мүшелеріне бөлінген жерлерді тартып алды», — деді Бапи депутаттық сауал жолдаған сөзінде.

Оның айтуынша, Назарбаевтың туыстары екі мың пайшыдан 274 гектар жерді тартып алған.

«Жергілікті прокурорлар мен полиция шағымданатын адамдарды емес, тойымсыз рудың мүдделерін қорғайды. Мен бұл жер дауын аяқталмай қалдырмаймын», — деп қорытындылады депутат.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz