Назарбаевқа тағы да бір өмірлік мәртебе берілді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Түркі кеңесі мемлекеттерінің көшбасшылары Елбасының түркі әлемі елдерін дамытуға қосқан үлесін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Чавушоглу Түркі кеңесі мемлекеттері көшбасшыларының қабылдаған шешіміне сәйкес, түркі әлемі елдерін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін мәлімдеді.

Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқарады

Кездесу барысында Назарбаев бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты сақтаудың және оны әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Түркия бізге тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсетіп келеді. Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз бір-біріне өте жақын. Екі ел арасында визасыз режім енгіздік. Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары жыл сайын нығайып келеді. Осы бағыттың жалғаса түсетініне сенімдімін», – деді Елбасы.

Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?

Сонымен қатар, Назарбаев Түркі кеңесі аясында мемлекетаралық байланыстарды дамытудың қажеттігін айтты.

«Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі түркі халықтарының арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту мақсатымен құрылған болатын. Бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Мен жан-жақты қолдау көрсетемін», – деді тұңғыш президент.

Түркия министрі Қазақстандағы биліктің ауысуына қатысты пікір білдірді

М.Чавушоглу Елбасыға ризашылық білдіріп, Режеп Ердоғанның жақын уақытта Түркияға келуге қатысты шақыруын жеткізді.

Сондай-ақ, тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз