Назарбаевқа қатысы бар екі ГЭС-тің мемлекеттік үлесін сату тоқтатылды

Министрлер кабинеті Назарбаевқа қатысы бар екі ГЭС-тің мемлекеттік үлестерін сату жөніндегі тендерлерді тоқтатты, — деп жазады Kznews.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан үкіметі соңғы жылдары жекешелендіру ықтималдығы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен белсенді түрде байланыстырылған Өскемен және Шүлбі су электр станцияларының (СЭС) мемлекеттік үлестерін сату бойынша тендерлерді тоқтатты.
«Өскемен ГЭС-і және Шүлбі ГЭС-і жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін сату бойынша екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 37 қаулысының күші жойылды деп танылсын» делінген қаулыда.
фото: vm.ru