Назарбаев зияткерлік мектептерінің жаңа басшысы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Светлана Испусинова бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір— Sputnik. Назарбаев зияткерлік мектептері қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусинова Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі.

Светлана Испусинова зияткерлік мектептер жүйесінде 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымында болған.

2012 жылдың қыркүйек айынан бері Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ол 1978 жылы  «тарих және қоғамтану» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Гурьев педагогикалық университетін тамамдады. Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1999 — 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003 -2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры болды.  2007 — 2008 жылдары «СИТ» АҚ инновациялық технологиялар департаментінің директоры, «Kazsatnet» АҚ пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 

Тағы оқыңыз: Мектеп директоры мен орынбасарларының жалақысы өседі

2000 жылы «Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі» төсбелгісімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 
2004 жылы «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы президентінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталған.



sputniknews.kz